Accessibility links

АҚШ 8 қаңтар күнгі Иран шабуылынан 11 сарбаздың зардап шеккенін айтты


АҚШ сарбаздары Иран шабуылына ұшыраған әскери базаларды тексеріп жатыр. 13 қаңтар, 2020 жыл.

АҚШ әскерилері 8 қаңтар күнгі Иран шабуылынан 11 сарбаздың зардап шеккенін хабарлады.

"8 қаңтар күнгі Иранның әл-Асад авиабазасына шабуылы кезінде кейбір сарбаздар ми шайқалу белгілерін емдеу курсынан өтті" деді АҚШ қарулы күштер басқармасының өкілі Билл Урбан.

Тегеран 8 қаңтарда "генерал Сүлейманидің өліміне кек алу үшін" АҚШ-тың Ирактағы әскери базасын балистикалық зымыранмен атқылаған. Ислам революциясы корпусына қарасты "Құдс күштерінің" қолбасшысы Сүлеймани 3 қаңтарда Бағдатта АҚШ-тың әуе шабуылы кезінде қаза тапқан. Осыдан кейін Тегеран мен Вашингтонның арасы тым ушығып кеткен.​

8 қаңтар күнгі халыққа жолдауында АҚШ президенті Дональд Трамп "Иран шабуылынан америкалықтар мен ирактықтар зардап шекпеді" және шабуылдың салдарынан базалар "сәл бүлінді" деп мәлімдеген.

Оқи отырыңыз: "Иранның шабуылынан америкалықтар мен ирактықтар зардап шеккен жоқ"

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Белсенді Дулат Ағаділді ақтық сапарға шығарып салды
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:15 0:00
XS
SM
MD
LG