Accessibility links

СІМ Сирияда ресейлік сарбаздардың қаза тапқанын растады


Сирияның Идлиб провинциясында Ресей туын іліп жатқан сарбаздар. 2018 жыл. Көрнекі сурет.

Ресей сыртқы істер министрлігі қаңтар айының ортасында Сирияның Идлиб провинциясында содырлар шабуылынан ресейлік және түрік сарбаздары қаза тапты деп мәлімдеді. 6 ақпанда СІМ таратқан хабарламада әскерилердің "Хейат Тахрир аш-Шам" тобымен соғысқаны айтылады. Дегенмен министрлік қаза тапқандардың санын көрсетпеген, шабуыл туралы толық жазбаған.

Ресей қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) төрт сарбазының Сирияда қаза тапқаны туралы ақпарат ақпан айының басында пайда болған. "Коммерсант" басылымының жазуынша, ФСБ кемінде бір сарбаздың өлгенін растаған.

Baza басылымы да Сирияда ФСБ қызметкерлерінің қаза тапқанын хабарлаған. Басылым дерегінше, әскерилер көлігі минаны басып кетіп, жараланған сарбаздар кейіннен қарулы оппозицияның қолына түсіп, өлтірілген. Бірақ Baza дереккөзін айтпайды.

Conflict Intelligence Team зерттеу тобы Сирияда қаза тапқан офицерлердің кейбірінің ФСБ-да істегенін анықтады. Ұйым бұған дейін ФСБ қызметкерлерінің Сириядағы әрекеті туралы ірі зерттеу жариялайтынын хабарлаған.

Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб провинциясында және Алеппо қаласының батысында президент Башар Асад ресейлік әскерилердің көмегімен қарулы оппозиция топтарына шабуылын жалғастырып жатыр. Күн сайын қантөгістен ондаған адамның өлгені туралы хабар түседі. Қаза болғандар арасында бейбіт тұрғындар да бар.

Оқи отырыңыз: Дамаскіде Путин мен Асад кездесті​

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG