Accessibility links

Алматы тұрғыны консулдық алдында Қытайда сотталған інісі туралы ақпаратты талап етті


Қытай консулдығы алдында пикет жасап тұрған Байболат Күнболатұлы. Алматы, 7 ақпан 2020 жыл.

7 ақпанда Қытайдың Алматыдағы консулдығы алдында Байболат Күнболатұлы есімді Алматы тұрғыны жалғыз адамдық пикет өткізді. Ол Қытайдың Іле-Қазақ автономиялық өлкесінде тұратын інісі Баймұрат Наурызбекұлынан 1,5 жылдан бері хабар үзілгенін айтып, консулдықтан інісі туралы хабар беруді талап етті.

Оның айтуынша, 1990 жылы туған інісі 2018 жылы наурыз айында Құлжа ауданына қарасты Қарағаш ауылында ұсталып, бір жарым жыл саяси лагерьде отырған. Кейінірек сол жерде 10 жылға сотталған.

- Бүгінге дейін інімнен еш хабар ала алмай отырмын. Не үшін сотталғаны, не үшін соттағанын ешкім айтпайды. Бұл туралы Қазақстан билігіне, Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне, "Нұр Отанға" және Қытайдың Нұр-Сұлтандағы елшілігіне хат жаздым. Тек сыртқы істер министрлігінен "Ол - Қытай азаматы. Біз Қытайдың ішкі ісіне араласа алмаймыз" деген жауап келді. Сол себепті консулдықтан інімнің не үшін қамалып, сотталғанын білуге келдім, - дейді Байболат Күнболатұлы.

Байболат қамауда отырған інісі түгілі, сол жақта тұрып жатқан өзге туыстарымен де сөйлесе алмай отырғанын айтады. Күзетшілерден басқа консулдықтан ешкім шыққан жоқ. Олар іштен ешкім шықпайтынын ескертті.

Бұған дейін де бірнеше азамат (арасында Күнболатұлы да бар) консулдық алдында жалғыз адамдық пикет өткізіп, Қытайда қалған туыстары туралы ақпарат талап еткен еді. Бірақ олардың ешқайсысы жауап ала алмаған.

Қарай отырыңыз: "Шыңжаңда қамалған" туыстарын іздегендер Қытайдың консулдығына барды (22 қаңтар 2020 жыл).

"Шыңжаңда қамалған" туыстарын іздегендер Қытайдың консулдығына барды
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:53 0:00

Қытай Шыңжаңда лагерьлер ашып, оған ұйғырлар, қазақтар және басқа да мұсылмандарды қамап жатқаны жайлы ақпарат 2017 жылы тарай бастаған. 2018 жылы жазда БҰҰ "Шыңжаңдағы лагерьлерде бір миллионға жуық ұйғыр, қазақ және басқа да мұсылман отыр" деп мәлімдеген. Қытай билігі басында лагерьлердің барын жоққа шығарып, кейін бұл жерлерді "терроризм мен экстремизммен күресетін және кәсіп үйрететін орталық" деп сипаттаған.

2018 жылдан бері Алматы мен Нұр-Сұлтанда "туысымыз Шыңжаңда қамауда отыр" деген адамдар бірнеше рет жиын өткізіп, Қазақстан билігінен көмек сұраған. Олардың кейбірі осыған ұқсас жалғыз адамдық пикет өткізген.

Жақында Қазақстанға келген АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Шыңжаңдағы қуғындауды айыптап, үкіметтерді Қытай билігіне қысым жасауға шақырған. Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Қазақстанды “Шыңжаңдағы мұсылмандарды қудалап жатқан Пекинге қысым жасауға шақырған” мәлімдемесін сынап, мұны "қойылым" деп атаған.

Оқи отырыңыз: "Намаз оқисың ба деп сұрады". Шыңжаңда тұтқында болған әйелдің хикаясы
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Халыққа 42 500 теңгеден гөрі вирус қауіпті екенін түсіндіру керек"
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:07 0:00
XS
SM
MD
LG