Accessibility links

Алматыда коронавирус жұққан науқасты қылмыстық жауапкершілікке тартты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, коронавирус табылған бір әйел "санитарлық қызметтің жұмысына барынша кедергі келтіріп, айналасында болған адамдар туралы деректерді қасақана бермеген".

Полицейлердің айтуынша, "санитарлық ереже мен гигиена нормаларын бұзғаны үшін" (Қылмыстық кодекстің 304-бап) науқас әйел қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

15 наурыз күнгі дерек бойынша Қазақстанда 8 адамнан коронавирус табылған. 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында Қазақстан төтенше жағдай режимінде болады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда төтенше жағдай. Бұл нені білдіреді? 300 сөзбен түсіндіреміз

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG