Accessibility links

Қазақстанда төтенше жағдай. Бұл нені білдіреді? 300 сөзбен түсіндіреміз


Алматыдағы Көк базар. 11 наурыз 2020 жыл.
Алматыдағы Көк базар. 11 наурыз 2020 жыл.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа байланысты 16 наурыз таңғы сегізден 15 сәуір таңғы жетіге дейін елде төтенше жағдай жариялады. Төтенше жағдай кезінде дүкен-базарлар қалай жұмыс істейді? Той жасауға бола ма? Шетелде жүрген қазақстандықтар елге келе ала ма?

  • Қоғамдық тәртіпті бақылау күшеймек. Көшеде полиция саны артуы мүмкін.
  • Аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық, ерекше режимдегі мекемелердің, яғни әкімдік, аурухана, мектеп, прокуратура, сот, полиция бөлімшесі, салық бөлімшелері, халыққа қызмет көрсету орталықтары, Қазақстан аумағындағы халықаралық ұйымдар, елшіліктердің ғимараты, әскери бөлімшелер, азық-түлік, дәрі-дәрмек қоймаларының күзеті күшейтіледі.
Алматыдағы дәріханалардың бірі. 15 наурыз 2020 жыл.
Алматыдағы дәріханалардың бірі. 15 наурыз 2020 жыл.

  • Азық-түлік дүкендердің, тамақ сататын базарлар мен дәріханалардың ғана жұмысы жалғасады. Кейбір асханалар да жұмыс істей бермек. Ірі сауда орындары жұмыс істемейді. Сауда орталықтарында тек азық-түлік сататын супермаркеттер, тамақ ішетін орындар ашық болуы мүмкін. Мұны әр сауда орталығы мен СЭС мамандары шешеді.
  • Түнгі клубтар, кинотеатрлар, театрлар, көрме, музей және адамдар көп жиналатын орындардың жұмысы уақытша тоқтайды.
  • Қазақстандағы барлық спорт жарыстары, соның ішінде футболдан Қазақстан чемпионаты да тоқтайды. Той-томалақ өткізуге, ас беруге тыйым салынады. Жерлеу, қайтыс болған адамның жетісі, қырқы, жылдығына, намаздарға қатысты билік тарапынан, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасынан нақты шешім айтылған жоқ.
  • Сыртқы істер министрлігінің дерегінше, төтенше жағдай уақытында шетелде жүрген Қазақстан азаматтары елге кіре алады. Тек шетелдіктер кірмейді.
  • Елге тек қазақстандық және шетелдік дипломаттар, сыртқы істер министрлігінің шақырумен келген халықаралық ұйым делегациялары да елге кіре алады.
  • Қазақстанға басқа елдерден келетін транспорттың барлық түріне шектеу қойылады. Биліктің мәлімдеуінше, ел ішінде көлік қозғалысына, жүк-тауар тасымалына шектеу қойылмайды. Демек, пойыз, автобустарға Қазақстан ішінде шектеу жоқ.
  • Turkish Airlines, Air Astana, Belavia, Fly Dubai, Etihad Airways, Pegasus Airlines, Uzbekistan Airlines коронавирус кесірінен шетелге сапарға шыға алмай қалған қазақстандықтарға билеттерін қайтаруға я басқа уақытқа ауыстыруға мүмкіндік береді.
  • Дәрігер тексеруінен, емделуден, карантиннен бас тартқан, деректерін жасырған адам жазаланады.

Қазақстанда, 15 наурыздағы дерек бойынша, 9 адамнан вирус табылды. Жетеуі Алматыда, екеуі Нұр-Сұлтандағы ауруханада жатыр. Қазақстанда қазір 1921 адам (1425 адам – ауруханада, 496 адам - үйде) карантинде.

Видео: Вирустан сақтанудың бірден-бір жолы - қол жуу

Қолды қалай жуу керек?
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:07 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG