Accessibility links

"Шекарасыз тілшілер" билікті Инга Иманбайды қудалауды тоқтатуға шақырды


Журналист және «Жас Алаш» газетінің бұрынғы бас редакторы Инга Иманбай. Алматы, 22 ақпан 2020 жыл.

Халықаралық "Шекарасыз тілшілер" құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін оппозициялық журналист Инга Иманбайды қудалауды тоқтатуға шақырды. Ұйымның айтуынша, Иманбай биліктің қысымымен "Жас Алаш" газетінің бас редакторы қызметінен кеткен. Күйеуінің ұсталғанын видеоға түсірмек болған кезде шабуылға ұшыраған.

17 наурыз күнгі мәлімдемесінде ұйым Иманбайға жасалған шабуылды "ашық әрі тиімді зерттеуге" шақырған.

Инга Иманбайдың күйеуі Жанболат Мамай құрмақ болған Демократиялық партияның 22 ақпанға белгіленген құрылтайы "билік қысымының салдарынан" өтпей қалды. 1 наурызда, түрлі оппозициялық топтардың митингісі өтетін күні полицейлер Мамайды ұстауға тырысты. Оның алдында Мамай 22 ақпан күнгі митинг қарсаңында ұсталып, үш күн әкімшілік қамауға алынған.

Аяғы ауыр Инга Иманбай 1 наурызда видео түсірмек болғанын, бірақ оның телефонын полиция қызметкерлері тартып алғанын айтады. Журналистің айтуынша, оны итерген кезде басы металл қоршауға соғылып, жарақат алған.

Ол "Жас Алаш" газетінің бас редакторы болып қаңтар айының басында тағайындалған. 23 ақпанда биліктің қысымымен басшылық қызметінен кетіргенін айтады.

"Шекарасыз тілшілер" ұйымының айтуынша, Инга Иманбай шабуылға байланысты шағымданғанмен полицейлер "әрекет етпеген". Ұйымның Шығыс Еуропа және Орталық Азия жөніндегі бөлім жетекшісі Жанна Кавельенің айтуынша, еркін БАҚ президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтып жүрген "демократиялық пікірталас пен реформистік бағыттың дұрыстығына көз жеткізу үшін" ауадай қажет.

Видео: "Халықтың кеудесін баспайтын билік болса деймін". Белсенді әйелдердің айтқаны (8 наурыз 2020 жыл).

"Халықтың кеудесін баспайтын билік болса деймін". Белсенді әйелдердің айтқаны
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:55 0:00

22 ақпан және 1 наурыз күнгі митингілер қарсаңында және одан кейін елде ондаған адам ұсталып, айыппұл салынды. Полиция қызметкерлері акциядан хабар таратпақ болған журналистерге тұрақты түрде кедергі келтіреді.

"Шекарасыз тілшілер" халықаралық ұйымы жыл сайын жариялайтын "Баспасөз еркіндігінің бүкіләлемдік индексінде" Қазақстан өткен жылы 158-орынға тұрақтаған.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Covid-19 дертінен айыққан Елдостың әңгімесі
please wait

No media source currently available

0:00 0:06:48 0:00
XS
SM
MD
LG