Accessibility links

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұққан жеті адам анықталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 19 наурыз түс кезінде Нұр-Сұлтанда тағы жеті адамнан коронавирус анықталғанын хабарлады.

- Олардың барлығы - 25-52 жас аралығындағы Қазақстан азаматтары. Барлығы бұрын ауырғандармен тікелей байланыста болған. Қазір стационарлық карантинде емделіп жатыр. Жағдайлары - жақсы, - деді министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

Осылайша Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 44-ке жетті. 19 адам - Алматы, 25 адам Нұр-Сұлтанда емделіп жатыр.

19 наурызда түске дейін Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қаладағы 19 науқастың бірінің жағдайы - орташа ауыр, 18 адамның жағдайы орташа деп мәлімдеген еді.

Бұл екі қалада 19 наурыздан бастап карантин жарияланып, қалаға кіріп-шығуға шектеу қойылды. 22 наурызда жолаушылар пойызы, ішкі рейстер тоқтайды.

Коронавирусқа қатысты соңғы ақпаратты мына сілтеме арқылы оқып біле аласыздар.

Видео: Блокпост қойылған шаһар. Облыстан қатынайтындар не істейді? (18 наурыз 2020 жыл).

Блокпост қойылған шаһар. Облыстан қатынайтындар не істейді?
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:00 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG