21 наурыз Алматы уақыты бойынша 22.30-да Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі Нұр-Сұлтанда тағы бір адамнан коронавирус табылғанын хабарлады.
Қазіргі дерекке сай, Қазақстанда барлығы 54 адамға вирус жұқты. Алматыда - 22 адам, Нұр-Сұлтанда - 29 адам, Қарағандыда - 2 адам, Алматы облысында 1 адам емделіп жатыр.
Қазақстанда 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті. Сауда және ойын-сауық орталықтары, тамақтан басқа зат сататын дүкендер мен сауда орындарының жұмысы тоқтатылды. Карантин режимі кезінде қоғамдық тамақтандыру орындары мен мейрамханалар тұтынушыға ас-суды үйіне жеткізіп береді. 22 наурыздан бастап Алматы қаласында темір жол және әуе қатынасын толық тоқтату жоспарланған.
Әлемде Covid-19 коронавирусы 275 мыңнан астам адамға жұқты. Қаза болғандар саны 11 мыңнан асып кетті. Вирус 180-нен астам елге тарады. 90 мыңнан астам адам дерттен айыққан.
ДДСҰ Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған.
ПІКІРЛЕР