Accessibility links

Өзбекстанда коронавирус жұққандар саны 41 адам болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Өзбекстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 41 адамға жетті деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

21 наурызда түсте науқастар саны 37 болды деп айтылған еді. Биліктің айтуынша, карантинде жатқан төрт адамнан вирус табылған.

Өзбекстанда коронавирус жұққан алғашқы адам 15 наурызда анықталған еді. Франциядан 11 наурызда ұшып келген Ташкент тұрғынынан вирус табылған.

Өзбекстанның көлік министрлігі коронавирусқа байланысты 20 наурыздан бастап халықаралық бағыттар бойынша әуе, көлік және темір жол қатынасын 40 күнге тоқтатқан.

Коронавирус жайлы соңғы ақпаратты оқып-білу үшін мына сілтемені басыңыз.

Қарай отырыңыз: Иран жұрты коронавирусқа қарсы күреске қалай бірікті?

Иран жұрты коронавирусқа қарсы күреске қалай бірікті?
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:49 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG