Accessibility links

Алматыда тағы бір адамнан коронавирус табылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 23 наурыз түс кезінде Алматыда тағы бір адамнан коронавирус анықталғанын хабарлады. Науқас туралы әзірге дерек жоқ.

Қазір Қазақстанда барлығы 61 адам Covid-19 дертіне шалдықты. Нұр-Сұлтанда - 31 адам, Алматы қаласында - 26 адам, Қарағанды қаласында - екі адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында бір адам емделіп жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша, коронавирус анықталған Алматының екі тұрғыны бұған дейін вирус табылған науқастармен байланыста болған.

Коронавирус ең көп табылған Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында 19 наурыздан бері карантин жарияланған. Қазір қалаға кіріп-шығуға шектеу қойылған. Қалаға қатынайтын жолаушылар пойызы, ұшақтар (негізінен ішкі рейстер) тоқтаған. Ойын-сауық орталықтары, азық-түлік емес тауар сататын сауда нысандары, балабақша, ұлттық саябақтар жабылды.

Коронавирус табылған Қарағанды және Ақтөбеде жергілікті билік әзірге қаланы жабуға негіз жоқ деп мәлімдеді.

Коронавирус бойынша Қазақстандағы және әлемдегі жағдай жайлы мына сілтемеден оқи аласыз.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG