Accessibility links

Нұр-Сұлтанда вирус жұққан бір науқас жасанды аппаратпен демалып жатыр


Нұр-Сұлтанда коронавирус табылған 32 адамның бірі қазір жасанды аппаратпен демалып жатыр. Бұл туралы 23 наурызда брифингте қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Кисикова мәлімдеді.

Оның сөзінше, науқастан пневмония анықталған, қазір ауа жетпегендіктен аппаратпен демалып жатыр.

Кисикова 22 наурыз түнгі 00.00 мен 23 наурыз таңғы алты арасында Нұр-Сұлтанға келген 13 халықаралық рейстің 1104 жолаушысы оқшауланғанын айтты.

“Тоғыз рейспен келген 788 жолаушыдан коронавирусқа байланысты анализ алдынды. Барлығының анализі таза, вирус табылған жоқ” деді ол.

Қазір Қазақстанда барлығы 62 адам Covid-19 дертіне шалдықты. Нұр-Сұлтанда - 32 адам, Алматы қаласында - 26 адам, Қарағанды қаласында - екі адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында - бір адам коронавирус жұқтырды.

Қарай отырыңыз: Қазақстандағы коронавирус динамикасы

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы карантинге көшті.

Қазір әлемде 336 мың адам вирус жұқтырып, 14500 адам қайтыс болды. 98 мың адам аурудан жазылды. Коронавирус бойынша Қазақстандағы және әлемдегі жағдай жайлы мына сілтемеден оқи аласыз.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG