Accessibility links

Қырғызстанда бір күнде 26 адамнан коронавирус табылды


Көрнекі сурет.

Қырғызстанда қатарынан 26 адамнан коронавирус табылды. Бұл туралы Қырғызстанның денсаулық сақтау вице-министрі Толо Исаков хабарлады.

Науқастардың арасында үш бала (1 жасқа толмаған екі сәби және алты жасар бала) және 14 жастағы жасөспірім бар. Қалғандары - 16 мен 86 жас аралығында.

Барлығы Қырғызстанның түрлі аймағындағы инфекциялық және облыстық ауруханаларға жатқызылған.

Коронавируспен күрес жөніндегі республикалық штаб дерегінше, тағы төрт адамнан вирус табылған, бірақ қазір түпкілікті анализ жүргізіліп жатыр.

Осылайша Қырғызстанда коронавирус жұққандар саны бір күн ішінде 42 адамға жетіп, күрт көбейді.

Елде 25 наурыздан бастап бірқатар аймақтарда (Бішкек, Ош, Жалалабад қаласы, Ош облысының Ноокат және Кара-суу ауданы, Жалалабад облысы Сузак ауданында) төтенше жағдай енгізіледі.

Коронавирус жайлы соңғы ақпаратты оқып-білу үшін мына сілтемені басыңыз.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG