13 наурызда Қазақстанға Германиядан ұшып келген жеке борттағы 12 адамның жетеуінен коронавирус табылды. Бұл туралы 25 наурызда Алматы қаласы қызметтер мен сапаны бақылау департаменті хабарлады.
Департаменттің дерегінше, вирус жұқтырғандардың алтауы – жолаушы, біреуі – бортсеріктес.
Қазақстанда коронавирус жұқтырған алғашқы адам 13 наурызда анықалған. Ол осы бизнес-джетпен Германиядан Нұр-Сұлтанға ұшып келген еді.
Қазір жеке ұшақпен келген барлық адам карантинде.
25 наурыздағы дерек бойынша, Қазақстанда 79 адам коронавирус жұқтырған. Алматыда - 31 адам, Нұр-Сұлтанда - 41 адам, Қарағандыда - 2 адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында - бір адам, Шымкентте - бір адам, Жамбыл облысында - бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында бір адам емделіп жатыр.
ПІКІРЛЕР