Accessibility links

Шымкентте еріктілер тегін маска таратты


Шымкентте тегін маска таратып жүрген еріктілер. 26 наурыз 2020 жыл.
Шымкентте тегін маска таратып жүрген еріктілер. 26 наурыз 2020 жыл.

26 наурыз күні Шымкенттегі төрт ауданда еріктілер 20 мың масканы тұрғындарға тегін таратты. Тегін маска алуға келген кей тұрғындар дәріханаларда маска жоқ екенін, кейбірі қымбат екенін айтып шағымданды.

Еңбекші ауданының аумағында орналасқан "Север" сауда үйінің алдында еріктілер 5 мың масканы жарты сағатта таратты. Олар әр тұрғынға бір пакетке салынған бес маскадан үлестірді.

Сәл кешігіп келгендерге маска жетпей қалды. Олар маска таусылғанын естіген кезде ренжіп, шағым айтты. Олардың сөзінше, осыдан бір ай бұрын 20 теңгеден сатылған медициналық маска қала дәріханаларында 200 теңгеден сатылып жатыр.

«Бітіп қалды дейді. Балаларды үйге қамап, келгенше маска бітіп қалыпты. Таратқан соң бәріне бірдей беру керек қой. Сақтық шарасын бәріміз де жасауымыз керек. Бұлай көпшілікті жинап, тегін маска береміз дегеннің өзі қате. Көпшілік жиналмасын дейді, өздері жинап маска таратады» деді тұрғындардың бірі.

Қарай отырыңыз: Коронавирус кезіндегі қайырымдылық

"Шыда бауырым". Коронавирус кезіндегі қайырымдылық
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:51 0:00

Шымкентте короновирус жұқтырған бірінші адам 24 наурыз күні түнде анықталған. 24 жастағы ер адам қалаға 20 наурыз күні автобуспен Нұр-Сұлтан қаласынан келген. 25 наурызда оның анасынан да коронавирус табылды.

26 наурыз күні түнде қала әкімі Шымкентте вирус жұқтырған адаммен бірге Нұр-Сұлтаннан 51 адам келгенін, олардың төртеуі Шымкентке түсіп, қалғаны Түркістан облысы Жетісай қаласына кеткенін айтқан.

Қала әкімі қазірге қалаға карантин жариялауға негіз жоқ деп мәлімдеді. 25 наурызда қаладағы барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын уақытша тоқтатты.

Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 109 адамға жетті.

Қарай отырыңыз: Масканы қалай қолдан жасауға болады?

Масканы қолдан қалай жасауға болады?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:07 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG