Accessibility links

Алматы облысында Ұзынағаш ауылының 67 жастағы тұрғынынан вирус табылған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 30 наурызда түс кезінде Алматы облысында бір адамнан коронавирус табылғанын хабарлаған еді. Coronavirus2020.kz сайтының дерегінше, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының 67 жастағы тұрғынына вирус жұқққаны анықталған. Ер адам 29 наурызда Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына жатқызылған. Диагнозы расталған.

Карантинге жатқызылмай тұрып, науқас Алматыда артриттен емделген.

"Ер адаммен байланыста болған екі адам анықталып, провизорлық стационарға жатқызылды" делінген сайтта.

Соңғы дерек бойынша, Алматы облысында 7 адамнан коронавирус анықталған. Жалпы Қазақстанда науқастар саны 294 адамға жетті. 20 адам айыққан. 1 адам көз жұмған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG