Accessibility links

Ақмола облысында тағы үш адамнан вирус табылды. Аймақта 18 науқас бар


1 сәуір күндізгі сағат 18:50-де денсаулық сақтау министрлігі Ақмола облысында үш адамнан коронавирус анықталғанын хабарлады. Аймақта 18 науқас бар.

Қазақстанда вирус жұқтырғандар 375 адамға жетті:

  • Нұр-Сұлтанда - 184 адам
  • Алматыда - 84 адам
  • Қызылорда облысында - 25 адам
  • Ақмола облысында - 18 адам
  • Атырау облысында - 16 адам
  • Қарағандыда - 14 адам
  • Алматы облысында - 9 адам
  • Түркістан облысында - 5 адам
  • Ақтөбе облысында - 4 адам
  • Жамбыл облысында - 3 адам
  • Шымкентте - 3 адам
  • Батыс Қазақстан облысы - 2 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 2 адам
  • Павлодар облысында - 1 адам
  • Маңғыстау облысында - 1 адам.

Елде үш адам вирустан бақилық болды. 1 сәуірде Қарағандыда 62 жастағы ер адам қайтыс болды. Науқастың диагнозында коронавирустан бөлек екі жақ пневмония, тыныс алу жетіспеушілігі болған. 31 наурызда Нұр-Сұлтанда 50 жастағы ер адам көз жұмды. Дәрігерлер науқаста қант диабеті, қан қысымы, жүрек қантамыр аурулары болғанын айтты. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 64 жастағы әйел қайтыс болған.

Қазірге дейінгі басқа да ақпараттарға көз сала отырыңыз:

  • Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың сөзінше, Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағандыда медициналық қызметкерлерге коронавирус жұққан. Осыған дейін Қызылорда мен Атырауда да медбикелерден коронавирус табылған еді.
  • Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың қаулысына сай, коронавирустан қайтыс болғандардың сүйегі туысқандарына берілмейді, мәйітханада сараптама жасалмайды. Онымен қоштасуға отыз минутқа созылады. Ара қашықтық үш метрден кем болмауы керек. Қоштасу рәсіміне туысқандары мен бір дін қызметкері қатысады.
  • Түркістан облысында коронавирус жұққан бірінші науқас - әйел адамның отбасындағы үш адамнан вирус табылды. Жалпы Түркістан облысында бес адамнан вирус табылды. Оның барлығы – Жетісай тұрғыны.
  • Қазір Қазақстанның біраз аймағы карантин жарияланған я шектеу қойылған. 3 сәуірден бастап Маңғыстау облысы карантинге жабылады.
  • Әлемде коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар 862 мыңнан асты. Бұл туралы АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің дерегінде айтылады. Қазір әлемде Covid-19 дертінен 42404 адам көз жұмды. 178836 адам аурудан жазылды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG