Accessibility links

Дональд Трамп коронавируспен күрестен үміті барын айтты


АҚШ президенті Дональд Трамп.
АҚШ президенті Дональд Трамп.

АҚШ президенті Дональд Трамп алдағы екі аптада коронавирус індетінен көз жұмғандардың саны артатынын, бірақ індеттен көп зардап шеккен кейбір аумақта індеттің тарау шапшаңдығы сәл бәсеңдегенін айтты.

АҚШ-тың коронавируспен күрес әкімшілігінің үйлестірушісі Дебора Биркс Италия мен Испанияда вирусқа қатысты жағдайдың жақсарғаны байқалады деді. Дебораның сөзінше, АҚШ-тағы жағдай да алдағы екі аптадан кейін оңалуы мүмкін.

Трапмтың COVID-19-ға арналған брифингі басталардан бірнеше сағат бұрын Ұлыбритания үкіметі премьер-министр Борис Джонсонның ауруханаға жатқызылғаны жайлы ақпарат тарады. Бұған дейін Борис Джонсонға коронавирус жұққаны белгілі болған еді. Британ билігінің хабарлауынша, дәрігер кеңесімен премьердің ауруханаға жатуы сақтық шарасынан туындаған.

Брифинг кезінде Трамп "барлық америкалықтар [Джонсон] үшін дұға етеді. Оның жазылып шығатынына сенемін" деді.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG