Accessibility links

Біртанов вирус жұқтырғандар аймақтарда көбейгенін айтты


Қазақстан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Қазақстан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 20 науқастың жағдайы - ауыр, жеті адам жасанды демалу аппаратына қосылған деп хабарлады денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

"6 науқас қайтыс болған, 46 адам жазылды. Қазір 670 науқас бар, 20 адамның жағдайы - ауыр, жеті адам жасанды демалу аппаратына қосылған" деді Біртанов сейсенбі күнгі үкімет отырысында.

Оның айтуынша, 6 сәуірде үш науқастың жағдайы жақсарғандықтан аппараттан ажыратылған. 88 адамның жағдайы - орташа ауыр, 510 науқастың жағдайы жақсы.

"Қазақстан бойынша науақстармен байланыста болған 19 112 адамның 97 пайызы табылып, оқшауланған" деді министр.

Біртановтың сөзіне қарағанда соңғы кезде аймақта вирус жұқтырғандар саны көбейген.

"Бір күнде ел бойынша вирус жұқтырғандар 13 пайызға өсті. Қарағанды облысында 16 жаңа науқас анықталды, науқастар саны бір күнде 50 пайызға көбейді. Қызылорда облысында 13 жаңа науқас - 35 пайызға көбейді. Жамбыл облысында 12 жаңа науқас - науқастар саны 43 пайызға көбейді. Қазір ең үлкен көрсеткіш аймақтарда" деді министр.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 670 адамнан коронавирус табылған. 6 сәуірде коронавируспен күрес жөніндегі штаб 120 медицина қызметкеріне коронавирус жұққанын хабарлаған болатын.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG