Accessibility links

"Терроризмді насихаттады" деп сотталған тоғыз адамның соңғысының да шағымы қанағаттандырылмады


Жұлдызбек Тәуірбеков сот залында отыр. Алматы, 4 желтоқсан 2019 жыл.
Жұлдызбек Тәуірбеков сот залында отыр. Алматы, 4 желтоқсан 2019 жыл.

Алматы қаласының апелляция соты «терроризмді насихаттады» және «араздық туғызды» деп айыппен жеті жылға сотталған 41 жастағы Жұлдызбек Тәуірбековтің шағымын қанағаттандымады. Бұл туралы Азаттыққа Тәуірбековтің адвокаты Фархат Гулиев пен анасы, қоғамдық қорғаушысы Әсемгүл Жауғашева хабарлады.

Олардың сөзінше, сот 8-9 сәуірде коронавирусқа байланысты төтенше жағдайға орай on-line режимінде өткен. Қорғаушылардың Тәуірбековті сот отырысына қатыстыру жөніндегі өтініштері қабылданбаған.

— Тәуірбековті ақтау туралы бірнеше рет өтініш бердік. Өйткені ол біріншіден ауыр дертке шалдыққан адам, екіншіден өзін кінәлімін деп санамайды, — дейді адвокат Гулиев. Оның сөзінше, Тәуірбеков Алматыда тергеу изоляторында отырған кезінде екінші топтағы мүгедек тобына жатқызылған.

Авокаттың айтуына қарағанда, Тәуірбеков әзірге уақытша қамау орнында болады, өйткені сотталғандарды коронавирусқа байланысты этаппен алып жүру тоқтатылған.

Апелляция сотынан кейін Әсемгүл Жауғашеваның атынан ішкі істер министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі комиетіне үкіметтің электронды порталы арқылы өтініші түсірілген. Өтініште Тәуірбековті Алматыдағы уақытша қамау орнында қалдыруды немесе Алматы облысындағы колониялардың біріне ауыстыруды сұраған. Жауғашева ауыр дертке шалдыққан баласына жедел ем керек болады, сондықтан денсаулығын бақылап тұру қажет деп санайды. Қорғаушының сөзінше, кәмелетке толмаған бес баласы бар Тәуірбековтың отбасы Алматыда тұрады.

Жұлдызбек Тәуірбековты Алматы қаласының Алмалы аудандық соты биыл, 2020 жылы 6 қаңтарда жеті жылға соттап, түрмеге жіберген.

Жұлдызбек Тәуірбеков "терроризмді насихаттады" және "әлеуметтік араздық қоздырды" деп айыпталған тоғыз айыпталушының бірі. Оның ісі денсаулық жағдайына байланысты жеке қаралған. Қалған сегіз айыпталушының ісі бойынша сот аяқталған және 2019 жылы қарашаның соңында Қазақстанның түрлі аймағына этаппен жіберілген.


  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG