Accessibility links

Қарағанды облысындағы ұшақ апаты: Бір ұшқыштың жағдайы - орташа ауыр


Әскери ұшақ. (Көрнекі сурет).
Әскери ұшақ. (Көрнекі сурет).

Қарағанды облысында 16 сәуірде құлаған әскери ұшақта болған екі ұшқыштың бірінің жағдайы орташа ауыр деп хабарлады Қазақстанның қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

"Қазақстанның әуе әскери күштерінің құтқару-іздеу қызметі ұшақ апаты болған жерге бірінші болып жетті. Ұшқыштарға алғашқы жедел медициналық көмек көрсетілді, одан кейін Қарағанды қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде ұшқыштарға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Біреуінің жағдайы - бірқалыпты, екіншісінің жағдайы - орташа ауыр" делінген министрлік хабарламасында.

Ақпаратқа қарағанда МиГ-31 әскери ұшақты подполковник А.Кұрманғалиев пен подполковник И. Гаврилко басқарған. Қорғаныс министрлігі олардың тәжірибелі ұшқыштар екенін айтады.

Оқиғаны комиссия зерттеп жатыр. Министрлік Қарағанды облысына құлаған МиГ-31 ұшағының 1991 жылы шығарылғанын айтады.

16 сәуірде Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданында Қазақстан қорғаныс министрлігіне тиесілі МиГ-31 ұшағы құлаған болатын. Ұшақ әскери дайындық кезінде Тоғызқұдық ауылдық округінің аумағына құлаған.

Министрліктің хабарлауынша, ұшақ аспанға көтерілгенде бір моторынан өрт шыққан. Ұшақ бортындағы екі ұшқыш тұрғындарға қауіп төнбейтін далаға ұшақты құлатып, өздері ұшақтан секіріп (катапультирование) түскен.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Қазақстанда МиГ-31 әскери ұшағы 2007, 2008, 2013 жылдары да құлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG