Accessibility links

Петропавлда 2300 саяжай учаскесін су алды


Петропавлда саяжайлар су астында қалды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:57 0:00

Петропавлда Есіл өзенінің деңгейі 1042 сантиметрге көтеріліп, 2300 саяжай уческесін су алды. Адам шығыны жоқ, саяжайдағы 260-тай тұрғын ескертуден кейін үйлеріне кеткен. Бұл туралы СҚО Төтенше жағдай департаменті хабарлады.

Департамент тасқын салдарынан Солтүстік Қазақстан облысын басып өтетін Челябинск-Новосибир тас жолындағы қозғалысқа шектеу қойылғанын, көліктер айналма жолмен өтіп жатқанын мәлімдеді.

Төтенше жағдай департаменті облыстағы Қызылжар ауданы маңындағы елдімекендерге қызыл су қаупі төнгенін, Прибрежное, Тепличное, Заречный және Соколовка кенттері жанында төтенше жағдай қызметкерлері тәулік бойы кезекшілікте тұрғанын хабарлады.

"Өңірдегі шағын көлдер мен өзендерге еріген қар суынан төнетін қауіп деңгейі қалыпты. Ал Сергеев су қоймасынан Түмен облысының шекарасына дейін жақта, Есіл өзенінің бойында, 18 елдімекен орналасқан. Осы ауылдарды су басу қаупі бар" деді облыстық ТЖД басшысы Рамиль Камалов.

Департамент дерегінше, қазір Сергевка су қоймасындағы судың деңгейі 110 сантиметрге көтерілген. Ал Петропавл су қоймасы 114,8 пайызға толды.

Сәуір айының басында Сергевка су қоймасындағы су деңгейінің көтерілуінен 10 облыстық маңызы бар жолды су шайған еді.

Әкімдіктің хабарлауынша, СҚО-да су тасқынын алдын-алу үшін бюджеттен 500 миллион теңге бөлінген.

Қазақстанның Солтүстік, Шығыс, Орталық және Батыс аймақтарында жыл сайын көктемде қар ерігенде өзендер мен көлдер арнасынан асып, жұртты әуреге салады. 2017-2018 жылдары көктемгі тасқын кезінде Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қостанай және Ақтөбе облыстарында су тасқыны болып, мыңдай адамның үйін, қорасын су шайған. Үкімет пен жергілікті билік қыс кезінде көктемгі тасқынға дайынбыз деп есеп береді, бірақ су арнасынан асқанда күш пен қаражат жетпей жатады. Кейін тасқыннан зардабын жою үшін бюджеттен қомақты қаржы бөлінеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG