Accessibility links

Қырғызстанда 12 милиционерге коронавирус жұққан


Маска таққан милиционер. Қырғызстан, Бішкек. 21 сәуір 2020 жыл.
Маска таққан милиционер. Қырғызстан, Бішкек. 21 сәуір 2020 жыл.

Қырғызстанда 12 милиционерге коронавирус жұққан. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Нурболот Усенбаев хабарлады. Оның айтуынша, біреуі реанимацияға жатқызылған.

"Оларға жұмыс барысында вирус жұққан. COVID-19 ауруына шалдыққандармен араласқан" деді Усенбаев.

Жақында Қырғызстанның ішкі істер министрлігі оннан астам қызметкердің обсервацияға жатқызылғанын, алғашқы анализ қорытындысы бойынша олардан вирус анықталмағанын хабарлаған.

22 сәуір күнгі мәлімет бойынша, Қырғызстанда 612 адамнан коронавирус табылған. 133-і - Бішкектен анықталған.

Сәрсенбі күні Усенбаев Бішкектегі жеке зертханада тұрғындарды коронавирустан жаппай тексеру жұмыстары басталғанын да хабарлаған болатын. Ресми мәлімет бойынша, Қырғызстанда эпидемия тараған уақыттан бері 7 адам қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG