Accessibility links

Ташкент маңында 10 мың орындық инфекция ауруханасы салынып жатыр


Ташкент маңында салынып жатқан инфекция ауруханасы.
Ташкент маңында салынып жатқан инфекция ауруханасы.

Өзбекстан астанасы Ташкент маңында коронавирус пандемиясы кезінде науқастар мен карантинге жатқызылатын адамдарға арналған он мың орындық инфекция ауруханасы салынып жатыр. Құрылыс жұмыстарымен айналысып жатқан Enter Engineering компаниясы 22 сәуірде медицина мекеменің алғашқы бөлігі мамырда ашылатынын мәлімдеді.

"Ауруханада вирус жұқтырғандар емделеді және шетелден келген Өзбекстан азаматтарын карантинге жатқызылады" деді компанияның бас директоры Шохрух Саттаров.

Оның сөзінше, аурухананың қалған бөлігінің құрылысы бір ай көлемінде аяқталады.

Наурыздың соңында Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігі Қытайдың Ухань қаласындағы екі аптада дайын болған аурухананың үлгісімен медицина мекемесі салынатынын хабарлаған.

23 сәуірдегі ресми мәліметке сай, Өзбекстанда 1716 адамнан коронавирус табылды. Жеті адам қайтыс болды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG