Accessibility links

Қазақстанда коронавирус жұққан 39 адам анықталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 25 сәуір кешкі сағат 17.45-те тағы 39 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Нұр-Сұлтан қаласында - 10, Алматы қаласында - 21, Ақмола облысында - 1, Қарағанды облысында - 2, Павлодар облысында - 1, Атырау облысында 4 адамға вирус жұққан.

Қазақстанда вирус жұқтырғандар 2564 адам болды. 629 адам COVID-19 ауруынан жазылған. Барлығы 25 адам қайтыс болған.

Вирус табылған 2564 адам мына аймақтарда:

  • Алматы қаласы – 814
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 464
  • Қызылорда облысы – 170
  • Шымкент қаласы – 161
  • Қарағанды облысы – 113
  • Жамбыл облысы – 103
  • Батыс Қазақстан облысы – 103
  • Ақмола облысы – 89
  • Атырау облысы – 108
  • Түркістан облысы – 98
  • Алматы облысы – 86
  • Павлодар облысы – 89
  • Ақтөбе облысы – 55
  • Қостанай облысы – 39
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30
  • Маңғыстау облысы – 26
  • Шығыс Қазақстан облысы – 16

Елде коронавирусқа байланысты 1 мамырға дейін төтенше жағдай жарияланған. Қазақстанның біраз аймағы карантинде.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG