Бүгін, мамырдың 6-сына парламент мәжілісі Қылмыстық кодекстен "жала жабу" бабын алып, әкімшілік кодекске қосты. Бұл ақпараттты КазТАГ агенттігі хабарлады.
- Депутаттардың бастамасымен "жала жабу" әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне ауысытырылды. Бұл - халықаралық тәжірибеге, яғни жемқорлықпен күрес іс-қимылы жөніндегі Стамбул жоспарының ұсынысына сай келеді,- дейді депутат Асылбек Смағұлов
2019 жылы желтоқсанда өткен ұлттық сенім кеңесінің отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыстық кодекстегі "жала жабу" бабын жұмсарту мақсатында әкімшілік кодекске ауыстыру қажеттігін айтқан.
Бұл мәселе парламентте қарала бастағанда құқық қорғаушылар Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазып, жаңа заң жобасында "сөз бостандығына берілген конституциялық кепілдіктерге нұқсан келтіретін қазіргіден де қатаң шаралар бар екенін" айтқан. Олардың сөзінше, "жала жабудың" мақсаты жазаны жұмсарту болғанымен әкімшілікке кодекске ауыстырылғанда кейбір жазалар бұрынғыдан да қатая түскен.
Оқи отырыңыз: "Жала жабу" бабын бір заңнан өзгесіне ауыстыру. Не өзгереді?
Жобадағы "Жала жабу" бабы бойынша мұнан былай жеке тұлғаларға 200 айлық есептік көрсеткіш (530 200 теңге) көлемінде айыппұл салынады немесе жеке тұлға 25 тәулікке қамалады, ал лауазымды тұлғалар 700 айлық есептік көрсеткіш (1,8 миллион теңге) төлейді не болмаса 30 тәулікке қамалады.
Қазақстан билігін Қылмыстық кодекстегі "жала жабу" бабын жұмсартуға халықаралық қауымдастық, соның ішінде Біріккен ұлттар ұйымы да бірнеше рет шақырған.
ПІКІРЛЕР