Accessibility links

Пәкістанда ұшақ апатынан 97 адам қаза болды, 2 адам аман қалды


Құтқарушылар апат орнында жұмыс істеп жатыр. Пәкістан, Карачи, 22 мамыр 2020 жыл.
Құтқарушылар апат орнында жұмыс істеп жатыр. Пәкістан, Карачи, 22 мамыр 2020 жыл.

22 мамырда Пәкістанда болған ұшақ апатынан 97 адам қаза болды. Жұма күні "Пәкістан халықаралық әуе желісінің" ұшағы елдің оңтүстігіндегі Карачи қаласында тұрғын үйлердің біріне құлаған.

Жергілікті шенеуніктер апат орнында 97 мәйіттің табылғанын хабарлады.

Бортында 91 жолаушы және 8 экипаж мүшесі болған Airbus А320 ұшағы Лахор қаласынан Карачиге ұшқан. Билік мәлімдемесінде екі адамның тірі қалғаны жазылған. Қаза болған 17 адамның аты-жөні анықталған.

Тірі қалғандардың бірі Мухаммад Зубаирдың Geo TV арнасына айтуынша, ұшақтың дөңгелегі жерге тиіп, қайта ұшқан, шамамен он минуттан соң ұшқыш қайта қонуға әрекет жасайтынын хабарлаған. Бұдан соң ұшу-қону жолағына жақындаған кезде ұшақ құлаған.

Видео: Пәкістандағы ұшақ апаты орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр (22 мамыр 2020 жыл).

Пәкістанның ішкі істер министрі Иджаз Ахмад Шах ұшақта ақау болғанын мәлімдеді, жол апатына дейін ұшқыш қозғалтқыштың істен шыққанын хабарлап, сигнал жіберген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG