Accessibility links

Біртанов: Вирус жұқтырған 19 адам аппаратпен тыныс алып жатыр


Қазақстан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Қазақстан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Қазақстанда коронавирус жұққан 19 адам өкпеге ауа жеткізетін аппаратпен тыныс алып жатыр. Науқастардың 85 пайызында ауру симптомы жеңіл. 13 пайызының жағдайы - орташа. 1,5 пайызының жағдайы - ауыр. Бұл туралы 27 мамыр күнгі онлайн-брифинг кезінде денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады.

Министрдің айтуынша, кейінгі екі аптада науқастар өсімі шамамен 5 пайыз болғанмен кейбір аймақтарда, атап айтқанда Атырау, Қарағанды, Қостанай, Түркістан, Алматы, БҚО, Жамбыл облыстарында науқастар көбейген.

- Өкінішке қарай, [вирус жұқтыру] ірі кәсіпорындарда тіркелген. Мысалы, Атырау облысында Теңіз кенішінде - 1063, Қарағанды облысында - 358, Шымкенттегі "ПетроҚазақстан" компаниясында - 219, Нұр-Сұлтан және Түркістан қалаларында құрылыс кәсіпорындарында 80-нен астам науқас тіркелген. Бұған қоса, Алматы және Жамбыл облыстарында әскери ұйымдарда вирус жұқтырғандар бар, - деді министр.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны әлем елдерімен салыстырғанда төмен. Біртанов жағдайдың бақылауда екенін айтып, тұрғындарды гигиена ережелерін қатаң сақтау шақырды.

Қазақстанда барлығы 9304 адамға вирус жұққан. 4613 адам айыққан. 37 адам қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG