Accessibility links

Қырғызстан: Перзентханада ондаған адамнан коронавирус табылды, бесеуі - нәресте


Нәрестені ұстап тұрған медицина қызметкері. Көрнекі сурет.
Нәрестені ұстап тұрған медицина қызметкері. Көрнекі сурет.

Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Ош облысындағы перзентханада 34 адамнан коронавирус табылған: 15-і - медицина қызметкері, 14-і - жаңа босанған әйел және бесеуі - нәресте.

Министрліктің айтуынша, перзентханада коронавирус бары бұған дейін де белгілі болған, мекеме карантинге жабылып, кейінірек обсервацияға айналған.

Өткен тәулікте Ошта 35 адамнан коронавирус табылды. Мұнда барлығы 177 адамға вирус жұққан.

28 мамыр күнгі ақпарат бойынша, Қырғызстанда 1594 адамнан коронавирус табылған. (Бішкекте - 397 науқас анықталған). 1066 адам жазылған. 16 адам қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG