Accessibility links

Қытай мен Үндістан сарбаздары арасында қақтығыс болып, кемінде 20 адам қаза тапты


Кашмир трассасында кетіп бара жатқан әскери көліктер. 15 маусым 2020 жыл.
Кашмир трассасында кетіп бара жатқан әскери көліктер. 15 маусым 2020 жыл.

Қытай мен Үндістан арасындағы шекараның даулы бөлігінде екі ел сарбаздары арасында қарулы қақтығыс болып, кемінде 20 сарбаз қаза тапты. Батыс ақпарат құралдарының жазуынша, бұл соңғы 45 жыл ішінде осы аумақта алғаш рет болып отырған қарулы қақтығыс. Оқиға Үндістанның Ладакх облысында болған.

BBC сайтының жазуынша, Үндістанның қарулы күштері бастапқыда екі жақтан да адам шығыны барын хабарлап, үш сарбаздың қаза тапқанын айтқан. Алайда сейсенбі күні кешке қарай Үндістан әскерінің ресми өкілдері жарақаттан 17 сарбаз көз жұмғанын, жалпы 20 адам қайтыс болғанын хабарлады.

Үндістанның сыртқы істер министрлігі Қытайды Галван өзені маңындағы үнді-қытай шекарасының даулы бөлігінде өткен аптада келісілген шекара сызығы туралы келісімді бұзды деп айыптады.

Қытай тарабы қанша адамның қайтыс болғанын айтпады. Қытайдың СІМ Үндістанды шекараны бұзды деп айыптады. Министрлік өкілінің айтуынша, 15 маусымда "үнді сарбаздары қытай шекарасын екі рет кесіп өтіп, қытай сарбаздарын шабуыл жасауға итермелеген". AFP жазуынша, дипломат оқиғаны екі ел әскері арасындағы ірі текетірес деп атаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG