Accessibility links

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин коронавирус жұқтырды


Қазақстан парламенті мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин палатаның жалпы отырысында. Нұр-Сұлтан, 22 сәуір 2020 жыл.
Қазақстан парламенті мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин палатаның жалпы отырысында. Нұр-Сұлтан, 22 сәуір 2020 жыл.

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннен коронавирус табылды. Бұл туралы parlam.kz сайты хабарлады.

"Мәжіліс спикері сенаттан қайтарылған "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс мәселелері бойынша денсаулық сақтау министрін қабылдаған. Елжан Біртановтың анализі оң нәтиже бергендіктен мәжіліс спикері 16 маусымда коронавирусқа тест тапсырған еді. Өкінішке қарай, тест оң нәтиже көрсетті. Сиптомсыз COVID-19 деген диагноз қойылды" делінген ресми хабарламада.

Сайттың жазуынша, өзін оқшаулаған спикер қашықтан жұмыс істейді. Бірақ 17 маусымға белгіленген пленарлық отырысты оның орынбасары өткізеді деп айтылады.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан коронавирус табылып, ауруханаға түскен еді. Біртанов вирус жұқтырған соң онымен бірге болған премьер-министр Асқар Мамин және Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өзін оқшаулаған.

Осыған дейін мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан, президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли, Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы, бұрынғы денсаулық вице-министрі Камалжан Надыровтан коронавирус табылған еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG