Accessibility links

Бір күнде 1424 адам коронавирустық пневмонияға шалдықты, 18 адам қайтыс болды


Құжат толтырып жатқан медицина қызметкері. Көрнекі сурет.
Құжат толтырып жатқан медицина қызметкері. Көрнекі сурет.

6 тамызда Қазақстанда белгілері коронавирусқа ұқсас пневмонияға 1424 адам шалдыққан, 18 адам қайтыс болған. Бұл туралы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі жұма күні таңертең хабарлады.

1 тамыздан бері зертханалық талдаумен расталмаған, диагнозы клиникалық белгілер бойынша қойылған коронавирустық пневмонияға 11 008 адам шалдыққан, 120 адам қайтыс болған.

Қазақстанда жаз айларында ПТР нәтижесі теріс бірақ белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын пневмония өршіп кетті. Жергілікті мамандар мен халықаралық қауымдастықтың қысымынан соң, денсаулық сақтау министрлігі 17 шілде күні 1 тамыздан бастап коронавирус пен белгілері бойынша соған ұқсайтын пневмония дерегін біріктіретінін айтқан еді.

Алайда министрлік кейінірек 1 тамызға дейін тіркелген жағдайлардың ешқайсысы бұл статистикаға кірмейді деп мәлімдеді.

Министрліктің мәліметінше, 1 қаңтар мен 2 тамыз аралығында Қазақстанда барлығы 256 541 адам пневмонияға шалдыққан. Оның 35 мыңы маусымда, 152 мыңдайы шілдеде тіркелген. Былтыр дәл осы мерзім аралығында пневмонияға 76 986 шалдыққан. Биыл өкпе ауруына шалдыққандар былтырғыдан 3,3 есе өскен. Мамандар пневмонияның мезгілсіз өршуін коронавирус індетімен байланыстырырады.

Пневмония дерегі 2 тамыздан бастап жарияланып келеді. Бірақ денсаулық сақтау министрлігі уәде еткендей, коронавирус статистикасына біріктіріліп емес, бөлек хабарланып отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG