Accessibility links

Түркістанда әйелінің "басын балтамен ұрып, көзін ағызған" адам сотталды


domestic violence, rape, women
domestic violence, rape, women

Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әйелінің басы мен қолын балтамен ұрып, көзін ағызған адамды 11 жыл 3 айға түрмеге қамады. Сотталушы айыбын ішінара мойындаған, жәбірленуші заңды некедегі күйеуіне қатаң жаза тағайындауды сұраған. Бұл туралы 21 тамыз күні Азаттыққа судья Қасым Қалмағанбетов айтты.

Судьяның сөзінше, Келес ауданының 51 жастағы тұрғыны Тоғанмұрат Матқуов Қылмысық Кодекстің "Адам өлтіруге оқталу" бабымен кінәлі деп танылып, 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өтейді.

- Сотталушы 46 жастағы заңды некедегі әйелін "үйге қайтпасаңдар өлтіремін" деп қасақана балтамен басынан, қолынан ұрған. Айыпталушыға адам өлтіруге оқталғаны үшін ең қатаң жаза тағайындалды, - дейді судья.

Сотталушы апелляциялық шағым түсірмеген. Сотқа қатысушылар процеске бейнебақылау арқылы қатысқан.

Айыпталушының адвокаты Махмуд Тұрғынбаев іс бойынша қандай да бір пікірбере алмайтынын айтты.

Жәбірленушінің туысы (аты-жөнін айтудан бас тартты – ред.) жақынының соттың үкімімен келісетінін айтады. Оның сөзінше, күйеуі әйелінің басынан төрт рет балтамен ұрып, бір көзін ағызып жіберген. Әйелдің иығы мен қолын балталаған. Қазір басына ота жасауға дайындалып жатыр.

- Екі отадан шықты. Енді бас сүйекке қайта ота жасау керек деп жатыр. Оқиғадан кейін есін жинауы қиын болып тұр, - дейді ол.

Оқиға 22 сәуір күні Келес ауданы Абай ауылында болған. Сотталушы мен жәбірленушінің ортақ екі баласы бар.

БҰҰ-ның есебінше, Қазақстанда жыл сайын отбасындағы зорлық-зомбылықтан шамамен 400 әйел көз жұмады.

Халықаралық Human Rights Watch құқық қорғау ұйымының былтыр қазанда жариялаған "Қазақстан: тұрмыстағы зорлық құрбандарына жеткілікті көмек берілмейді" деп аталатын баяндамасында "Қазақстанда полиция әдетте әйелдерге қандай арнаулы әлеуметтік қызметтер мен қорғану механизмдері барын, уақытша паналайтын жерге қол жеткізуге және өзіне зорлық көрсеткен адамның жақындауына тыйым салатын қағаз алуға болатынын айтпайды" деп жазылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG