4 тамыз күні Қазақстанда 104 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды. Вирус жұқтырған 57 адамда ауру белгілері болған, 47 адамда симптомдар байқалмаған. Бұл туралы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Тәулік көрсеткіші бойынша, көш басында Шығыс Қазақстан облысы (19), Нұр-Сұлтан (15) және Алматы қалалары (14). Маңғыстау және Қызылорда облыстарында ешқандай науқас тіркелмеген.
Бұл – Covid инфекциясын жұқтырғаны ПТР тестімен расталған науқастар саны. Қазақстан 1 тамыздан бері ПТР тестімен расталмаған, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын пневмония есебін де жүргізіп келеді.
Эпидемия басталғалы Қазақстанда барлығы 106 225 адамның Covid инфекциясын жұқтырғаны ПТР тестімен расталған.
Аймақ бойынша жағдай мынадай:
Алматы қаласында – 14262 (+14 адам жаңадан қосылған),
Нұр-Сұлтан қаласында -13879 (+15),
Атырау облысында – 10947 (+7),
Қарағанды облысында – 10134 (+8),
Шығыс Қазақстан облысында – 8262 (+19),
Батыс Қазақстан облысында – 6771 (+4),
Шымкент қаласында -5180 (+5),
Алматы облысында – 4903 (+3),
Жамбыл облысында – 4096 (+3),
Солтүстік Қазақстан облысында – 3976 (+5),
Павлодар облысында – 3849 (+4),
Қостанай облысында – 3428 (+3),
Ақмола облысында – 3415 (+5),
Түркістан облысында – 3335 (+7),
Маңғыстау облысында – 3334 (+0),
Қызылорда облысында -3231 (+0),
Ақтөбе облысында -3223 (+2).
Қазақстанда 1 қыркүйектен карантин шектеулерін жеңілдетудің екінші кезеңіне өтті. Қалааралық және облыс ішіндегі жолаушы автобусы мен пойызы қатынай бастады. Діни орындар ашылды, бірақ жұма намазы секілді көпшілікке арналған шараларға әлі рұқсат етілмеді. Спорт кешендері, мәдени нысандар, ұлттық парктер ашылды.
ПІКІРЛЕР