Accessibility links

ХОК өкілі: "Коронавирус болсын, болмасын" Токио олимпиадасы келесі жылы өтеді


Маска таққан ер адам жазғы Олимпиада ойындары туралы постер ілінген аумақта кетіп бара жатыр. Токио, 2020 жыл.
Маска таққан ер адам жазғы Олимпиада ойындары туралы постер ілінген аумақта кетіп бара жатыр. Токио, 2020 жыл.

Эпидемиологиялық ахуалға қарамастан жазғы Олимпиада ойындары келесі жылы өтеді. Бұл туралы Халықаралық олимпиада комитетінің (IOC) вице-президенті Джон Коутс хабарлады.

AFP агенттігіне берген сұхбатында Коутс пандемияға байланысты келесі жылға шегерілген Олимпиада ойындары індеттің тарау деңгейіне қарамастан жоспарланған уақытта өтеді деп мәлімдеген. Комитеттегі Токио ойындары бойынша үйлестіру комиссиясының жетекшісі Коутс Олимпиада ойындары келесі жылы 23 шілдеде басталады деп айтқан.

Әлемде коронавирус жұқтырғандар 27 миллионнан асты. 882 мыңнан астам адам қайтыс болған.

7 қыркүйекте Австралия билігі коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы легін қаңтар айында алатынын мәлімдеді. Премьер министр Скотт Моррисон вакцина өндіретін екі компаниямен келісім жасасқанын хабарлады: бірін AstraZeneca және Oxford университеті жасап жатса, екіншісін автралиялық Commonwealth Serum Laboratories зертханасы мен Queensland университеті бірігіп жасап жатыр.

Олимпиада ойындары 2021 жылы өтсе де Токио-2020 деп атала бермек. Паралимпиада ойындары 24 тамыз - 5 қыркүйекте болады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG