Accessibility links

Қазақстанда Covid пен пневмониядан тағы 7 адам қайтыс болды


Коронавирус жұққандарды емдейтін аурухана.
Коронавирус жұққандарды емдейтін аурухана.

7 қыркүйек күні Қазақстанда 16 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды. Пневмонияның бұл түрінен тағы 1 адам қайтыс болды. Бұған қоса, коронавирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған Covid науқастары арасында 6 адам көз жұмған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

1 тамыздан бері Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 315 адам қайтыс болған. Осы аралықта 27 778 адамнан вирус пневмониясы анықталған. 6 мыңнан астамы жазылған.

Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны зертханалық талдаумен расталған 1640 адам көз жұмған. Мұндай науқастар саны 106 мыңнан асқан.

24 тамыздағы дерек бойынша, коронавирус жұқтырып қайтыс болған 556 адамның өлімі Covid статистикасына кірмеген. Комиссия олар "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген қорытынды шығарған.

Қазір 4 892 адам Covid-тен емделіп жатыр, 33-і - бала. 2 680 адам - стационарда, 2 212 адам амбулаторлық жағдайда емделіп жатыр. 142 адамның жағдайы ауыр, 16 адамның жағдайы өте ауыр. 23 адам жасанды тыныс алу аппаратымен дем алып жатыр.

Елде вирус жұқтырғандар саны азайса да, коронавируспен байланысты адам өлімі сиремей отыр. Күн сайын вирус жұққан кемінде ондаған науқас анықталса, орташа есеппен бірнеше адам өлімі тіркеліп жатыр.

Дегенмен тамыз айының ортасында денсаулық сақтау министрлігі елде эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанын айтып, карантин шараларын кезең-кезең бойынша жұмсарта бастаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG