Accessibility links

Эстонияның Тарту соты азаматтығы жоқ Кушаевтың арызын қарамай қайтарды

Өзбекстанның тумасы, қазір азаматтығы жоқ 56 жастағы Әбдірешид Кушаев Тарту қаласындағы сауда орталықтарының бірінде. Эстония, 18 маусым 2020 жыл.
Өзбекстанның тумасы, қазір азаматтығы жоқ 56 жастағы Әбдірешид Кушаев Тарту қаласындағы сауда орталықтарының бірінде. Эстония, 18 маусым 2020 жыл.

Эстонияның Тарту қаласының әкімшілік соты 10 қыркүйекте азаматтығы жоқ Әбдірешид Кушаевтың арызын қарамай, өзіне қайтару туралы қаулы етті. Өзбекстан тумасы Кушаев қала билігі, полиция мен шекара күзеті департаменті, Ішкі істер министрлігінің өзі жайлы шешімдерімен келіспей, сотқа жүгінген еді. Бұл туралы Азаттыққа Кушаевтың өзі хабарлады. Сот Кушаевтың эстон тілін білмейтінін, аудармашы жалдауға ақшасы жоғын ескеріп, мемлекеттік тілдегі қаулының ресми аударылған нұсқасын да берген.

Кушаев Азаттыққа сот қаулысымен келіспейтіні туралы Тарту округі сотына апелляциялық шағым беретінін айтты.

Кушаев сотқа арызында Тарту қаласы билігін өзіне әлеуметтік жәрдемақы төлеуге, ал полиция мен шекара күзеті департаментін оған жеке куәлік беруге міндеттеуді сұраған еді. Ол өзін "Өзбекстанға қайтару адамшылыққа жатпайды" деп санайтындықтан, соттан ішкі істер министрлігін оған құжат беруге міндеттеуді өтінген.

Жұма күні қабылданған сот қаулысында Кушаевтың әлеуметтік жәрдемақы алуға заңды құқы жоқ болғандықтан және Тарту қаласы бұған дейін жедел әлеуметтік жәрдем ретінде оған уақытша тұратын орын, тамақ және киім бергендіктен қала билігінің үстінен берген арызы негізсіз екені айтылған.

Кушаев арызында полиция мен шекара күзеті департаментін оны Өзбекстанға қайтармауды міндеттеуді, құжат беріп, Испанияға жөнелтуді сұраған. Ол қазір Испанияда тұрып жатқан азаматтық некедегі әйелі, Украина азаматы Ирина Белокопытоваға қосылғысы келетінін айтқан.

Арызды иесіне қайтарып берген сот қаулысында Кушаевты Эстониядан шығару туралы сот шешімі күшіне енгені айтылған. Кушаев бұған дейін ол шешімге қарсы жазған арызын Эстонияның жоғарғы сот орындары қанағаттандырмай тастаған еді. Сонымен бірге Тарту әкімшілік соты бұған дейін Өзбекстан Кушаевты қабылдаудан бас тартқандықтан қазір екіұдай жағдай қалыптасқанын айтады. Бір жағынан, сот шешіміне сай, Кушаев Эстониядан кетуі керек, екінші жағынан, азаматтығы жоқ оны ешбір ел қабылдамайтындықтан, оны күштеп шығаруға болмайды. Бірақ бұл шешілмейтін мәселе емес, сондықтан Кушаев өзін қабылдауға келісім беретін елді іздеуі керек, бәлкім, солардың қатарында Өзбекстанға да өтініш беріп көруіне болады деп санайды Тарту әкімшілік соты.

Азаттық кейінгі бес жылда Еуропаның түрлі елінде панасыз, жайсыз жүрген Кушаевтың тағдырын бақылап келеді. Бес жыл бұрын ол Өзбекстаннан қашып, Қазақстан мен Ресей арқылы Эстонияға жеткен. 2017 жылдың күзінен 2020 жылдың маусымына дейін ол Еуропаның түрлі еліндегі түрмелерде болды.

Өзбекстан азаматтығынан айырылған Әбдірешид Кушаев әлі күнге еш елдің азаматтығын алмаған.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG