Accessibility links

Өткен тәулікте 234 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан, 2 адам қайтыс болған


Рентген суретке қарап тұрған медицина қызметкері. Көрнекі сурет.
Рентген суретке қарап тұрған медицина қызметкері. Көрнекі сурет.

1 қазанда Қазақстанда 234 адамның коронавирус пневмониясына шалдыққаны анықталды. Пневмонияның осы түрінен 2 адам қайтыс болды. Бір күнде 95 адам жазылып шықты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

1 тамыздан бері коронавирус пневмониясына шалдыққандар 33 212 адамға жеткен. 27 337-сі жазылған. 5 мыңнан астам адам коронавирус пневмониясынан емделіп жатыр. 357 адам қайтыс болған.

Дүйсенбі күні коронавирус жұққаны ПТР-тестпен расталған науқастар арасында 3 адам қайтыс болған. Наурыз айынан бері 1737 адам көз жұмған.

Қазір коронавирус ауруынан 3 279 емделіп жатыр, 64-і – бала. Стационарда – 1 745 адам, амбулаторлық жағдайда 1 534 адам емделіп жатыр. 97 адамның жағдайы ауыр, 11 науқастың жағдайы өте ауыр. 20 адам жасанды тыныс алу аппаратымен дем алып жатыр.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда індет кезінде 8,7 мыңнан астам жүкті немесе босанған әйел коронавирус инфекциясы немесе коронавирус пневмониясына шалдыққан. 52 жүкті немесе босанған әйел коронавирус инфекциясынан қайтыс болған. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пневмониясынан аяғы ауыр бірде-бір әйел қайтыс болмады десе, аймақтың денсаулық сақтау мамандары басқаша мәлімет айтады.

Оқи отырыңыз: "Балаларын сұрай берді". Індет әкеткен жүкті әйелдер

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG