Accessibility links

Путин Әзербайжан мен Армения сыртқы істер министрлерін Мәскеуге шақырды


Таулы Қарабақ.
Таулы Қарабақ.

Ресей президенті Владимир Путин "гуманитарлық ниетпен" Таулы Қарабақта әскери қимылдарды тоқтатуға шақырды. Бұл бірінші кезекте екі жаққа тұтқын және мәйіт алмасу үшін қажет.

Әзербайжан мен Армения басшыларымен телефон арқылы сөйлескен Ресей президенті Владимир Путин осындай мәлімдеме жасады. Ол сонымен бірге екі елдің сыртқы істер министрлерін Мәскеуге кеңесуге шақырған.

Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) аясында қол қойылған Таулы Қарабақ бойынша Минск келісімінің өкілдері саналатын АҚШ, Франция және Ресей 8 қазанда Женевада қақтығысты реттеу мәселесін талқылай бастаған. Оған Әзербайжан сыртқы істер министрі Жейхун Байрамов та қатысқан.

Бейсенбі күні Әзербайжан сыртқы істер министрі атыс тоқтамайды деп мәлімдеген. Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев Армения Таулы Қарабақтан әскерін қашан шығаратынын айтуы тиіс, тек сол кезде ғана келіссөз туралы айтуға болады деген.

Таулы Қарабақта жағдай 27 қыркүйекте ушыққан. Ереван мен Баку бір-бірін жағдайды ушықтырды деп кінәлайды. Екі жақтан да адам шығыны бар. Қақтығыс кезінде бейбіт тұрғындар да қаза болған.

Таулы Қарабақта қақтығыс басылмай тұр. Жүздеген адам опат болды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:16 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG