Accessibility links

Өткен тәулікте 83 адамнан коронавирус анықталды, 143 адам жазылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

13 қазанда Қазақстанда 83 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бір күнде 143 адам Covid-тен жазылған.

Денсаулық сақтау министрлігінің 14 қазан таңертең таратқан хабарламасындағы ақпарат бойынша, сейсенбі күні Шығыс Қазақстан облысында - 11, Алматы қаласында - 10, Атырау облысында 9 науқас тіркелген. Қызылорда облысында өткен тәулікте бірде-бір адамнан коронавирус инфекциясы анықталмаған.

Қазақстанда барлығы 108 984 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны Covid тестімен расталған: 104 мыңнан астамы жазылған, 1771-і қайтыс болған. Коронавирус жұқтырған бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адам бұл статистикаға кірмей қалған.

Covid жөніндегі ұлттық статистикаға ПТР тестімен расталмаған коронавирус пневмониясының дерегі де қосылмай келеді. Қазақстанда 1 тамыздан 13 қазанға дейін пневмонияның бұл түріне 34 913 адам шалдыққан, 27 709-ы жазылған, 370-і қайтыс болған.

Коронавирустың әлем елдері арасында тарауын тіркеп отырған институттар мен ұйымдар Қазақстанның ресми дерегіне сүйеніп, тек ПТР тестімен расталған науқастар санын көрсетіп отыр. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Covid статистикасына коронавирус пневмониясы дерегін де қосып отыр. Екеуін қосқанда Қазақстанда вирус жұқтырғандар 144 мыңға жуықтайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG