Accessibility links

Қырғызстанда коронавирус жұқтырғандар 50 мыңнан асты


Қорғаныш киім киген медицина қызметкерлері. Ош қаласы.
Қорғаныш киім киген медицина қызметкерлері. Ош қаласы.

Қырғызстанда өткен тәулікте 330 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. 14 қазанда күндіз коронавируспен күрес жөніндегі республикалық штаб өкілдері осылай деп хабарлады.

Қырғызстан шілде айынан бері коронавирус пневмониясына шалдыққандары да Covid статистикасына енгізіп, бірге есептеп келеді.

Сейсенбі күні Бішкекте - 68, Ош қаласында - 36, Шу облысында - 12, Ош облысында - 74, Талас облысында - 9, Ыстықкөлде - 18, Жалалабадта - 70, Баткен облысында 43 науқас тіркелген.

Елде коронавирус жұқтырғандар 50 201 адамға жеткен.

Өткен тәулікте коронавирустан екі адам қайтыс болған. Екеуі де Баткен облысында тұрған. Індет басталғалы бері 1094 адам қайтыс болған.

18 тамызда денсаулық сақтау министрлігі Covid статистикасын қайта есептеп, содан кейін 500-ге жуық адам өлімі жалпы есептен алынып тасталған еді. Ведомство олардың коронавирустан емес, ілеспе аурудан қайтыс болғанын айтты.

Бір күнде 7 медицина қызметкерінен коронавирус табылған. Наурыз айынан бері 3 456 дәрігерге вирус жұққан, 3105-і жазылған.

Өткен тәулікте 172 адам Covid-тен жазылған, наурыз айынан бері 44 884 адам айыққан. Стационарларда 1960 адам емделіп жатыр, 1801 адам амбулаторлық жағдайда ем қабылдап жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG