Accessibility links

Ауғанстанда полиция бөліміне шабуыл жасалып, бірнеше адам қаза болды


Шабуыл болған полиция бөлімі. Хост провинциясы, Ауғанстан. 27 қазан 2020 жыл.
Шабуыл болған полиция бөлімі. Хост провинциясы, Ауғанстан. 27 қазан 2020 жыл.

27 қазанда Ауғанстанның Пәкістанмен шекаралас қаласында полиция бөліміне шабуыл жасалып, бірнеше адам қаза болды, оннан астам адам жарақаттанды. Ауғанстанның ресми орындарының хабарлауынша, полиция бөлімінің алдында бомба қойылған көлік жарылып, ізінше атыс болған.

Ауғанстан шығысындағы Хост провинциясының орталығы Хост қаласында шабуыл сейсенбі күні ерте басталған. Хост қаласының денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Хабиб Шах Ансаридің айтуынша, жараланғандар мен қаза болғандар арасында әскерилер де, бейбіт тұрғындар да бар. Жараланғандар ауруханаға жеткізілген.

Қауіпсіздік күштерінің мәліметінше, бомба қойылған көлік арнайы полиция жасағының қақпасында жарылған. Бұдан соң шабуылдаушылар полициямен атысып, ішке кіруге тырысқан. Төрт шабуылдаушы атып өлтірілген. Денсаулық сақтау мамандары жараланғандар арасында балалар мен әйелдер де барын айтады. Әзірге, бірде-бір ұйым шабуылды мойнына алмады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG