Accessibility links

Бір күнде 392 адамнан коронавирус анықталды, ШҚО-да науқастар көбейді


Медицина қызметкері коронавирус жұққан науқасқа дәрі егейін деп жатыр. Көрнекі сурет.
Медицина қызметкері коронавирус жұққан науқасқа дәрі егейін деп жатыр. Көрнекі сурет.

29 қазанда Қазақстанда коронавирус жұққаны ПТР-тестімен расталған 392 адам анықталған. Науқастардың жартысына жуығы Шығыс Қазақстан облысында тіркелген.

Өткен тәулікте Шығыс Қазақстан облысында – 205, Нұр-Сұлтан қаласында – 27, Павлодар облысында - 23, Ақмола облысында - 20, Алматы облысында - 19, Алматы қаласында - 18, Солтүстік Қазақстан облысында 17 адамнан коронавирус табылған.

Наурыз айынан бері 111 492 адамға коронавирус жұққан, бұл ПТР-тестпен дәлелденген. Алайда бұл мәлімет те толымсыз. Қазақстан билігі коронавирустың салдарынан пайда болған пневмонияға шалдыққандарды Covid статистикасына қоспай келеді. 1 тамыздан бері 37 мыңнан астам адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. Бұған қоса, денсаулық сақтау мамандары халықты жаппай тестіден өткізбегеннен кейін коронавируспен ауырғандар санын нақты білу мүмкін емес, ол ресми деректен әлдеқайда көп болуы мүмкін дейді.

Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестімен дәлелденген науқастар арасында 1840 адам өлімі тіркелген. 106 мыңнан астамы жазылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG