Accessibility links

Хаменеи: Сайлауда кім жеңсе де, Иранның АҚШ-қа қатысты ұстанымы өзгермейді


Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи.
Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи.

Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи АҚШ-тағы президент сайлауының қорытындысы Тегеранның Вашингтонға қатысты ұстанымына әсер етпейді деп мәлімдеді. Тегерандағы АҚШ елшілігін басып алған күн (1979 жылы 4 қараша) мен Мұхаммед пайғамбардың туған күніне бір күн қалғанда мемлекеттік арнадан тікелей эфирде сөйлеген Хаменеи сайлауда кім жеңсе де, Иран АҚШ-қатысты ұзақ жылдардан бері қалыптастырған ұстанымын өзгертпейді деді.

Осыдан 30 жылдан астам уақыт бұрын қарулы ирандықтар АҚШ-тың Тегерандағы елшілігінде дипломаттарды кепілдікке алып, 444 күн ұстағаннан кейін кейін екі ел арасында дипломатиялық қатынас үзілген.

"Біздің АҚШ-қа қатысты саясатымыз айқындалған және жекелеген басшылардың өзгеруі оған әсер етпейді. Бізге кімнің келіп, кімнің кеткені маңызды емес" деді Хаменеи.

Иран билігі биыл АҚШ елшілігін басып алу күніне орай ұйымдастырылған мемлекеттік шеруді коронавирусқа байланысты кейінге шегерген. Елде ресми мәлімет бойынша, коронавирустан 36 мыңнан астам адам қайтыс болған. Соңғы аптада елде вирус жұқтырғандар мен одан қайтыс болғандар күрт көбейген.

Трамп 2015 жылы Ақ үйдің Тегеран және бірқатар алып мемлекеттермен жасасқан халықаралық ядролық келісімінен шығып, экономикалық санкция салған. Шектеу шарасы Иран экономикасын тежеп, елдің ұлттық валютасын сергелдеңге түсірген. Тегеран келісімде көрсетілген шарттардан біртіндеп бас тартқан. Осыған дейін Трамптың сайлаудағы қарсыласы Байден егер Тегеран келісім шарттарын түгел орындауға келіссе, құжатқа қайта қосылуға уәде берген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG