Accessibility links

Ауғанстанда Азаттық тілшісіне шабуыл жасалып, мерт болды


Илиас Дале.
Илиас Дале.

12 қарашада Азаттықтың Ауған қызметінің тілшісі Илиас Даеның көлігіне қойылған магниттік бомба жарылып, тілші мерт болды. Шабуыл бейсенбі күні таңертең Ауғанстанның оңтүстігіндегі Лашкаргах қаласында болған. Бұл ақпаратты Ауған бюросының жетекшісі Сами Махди Twitter-де хабарлады.

Жарылыстан тағы үш адам зардап шеккен, арасында Даенің бауыры да бар. Жарылыс болатын кезде сол аумақтан өтіп бара жатқан екі адам (біреуі - бала) жарақаттанған. Оқиғаны әлі ешкім мойнына алмады.

Ауғанстан президентінің ресми өкілі Сиддик Сиддики шабуылды айыптады.

"Даеның отбасы мен ауған медиа-қауымдастығына көңіл айтамыз. Шабуылды сөз бостандығы мен Ауғанстанның ақпарат құралдарына жау адамдардың ұйымдастырғанына күмәніміз жоқ" деді ол.

Осыдан бес күн бұрын Кабулда бұрынғы тележүргізуші Яма Сиавашаның көлігіне де белгісіз біреулер магниттік бомба қойып кетіп, тілші жарылыстан қаза болған еді.

Ауғанстанда үкімет пен "Талибан" қозғалысы арасында соңғы 20 жылда алғаш рет бейбіт келіссөздердің жүріп жатқанына қарамастан соңғы айларда террористік шабуылдар мен күш қолдану жиілеген. Америка жыл соңына дейін Ауғанстаннан әскерін әкетуі тиіс. Бұл шарт Вашингтон, Ауғанстан үкіметі мен "Талибан" арасында жасалған келісімде көрсетілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG