Accessibility links

Бір күнде коронавирус жұққан 794 науқас анықталды, 274 адам жазылды


Медицина қызметкерлері. Көрнекі сурет.
Медицина қызметкерлері. Көрнекі сурет.

30 қарашада Қазақстанда коронавирус жұққаны арнайы тестпен расталған 794 адам анықталды. Бір күнде 274 адам жазылды.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, жексенбі күні ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысы (125) мен Павлодар облысында (121) тіркелген. Солтүстік Қазақстан облысында - 108, Ақмола облысында – 91, Қостанай облысында – 87, Алматы қаласында – 70, Нұр-Сұлтанда – 54, Батыс Қазақстан облысында 44 адамнан коронавирус анықталған. Өткен тәулікте Қызылорда облысында науқас тіркелмеген.

Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен дәлелденгендер 131 659 адамға жетті: 116 мыңнан астамы жазылған, 2020-ы қайтыс болған.

Қазақстанның коронавирус статистикасына коронавирус пневмониясына шалдыққандар есебі енгізілмеген. 1 тамыздан бері 41 940 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған, 440 адам қайтыс болған, 30 мыңнан астамы жазылған.

Бұған қоса, коронавирус статистикасына Covid жұққан, бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" делінген жүздеген адам өлімі де енгізілмеген.

Кейбір мамандар Қазақстанның ресми орындары таратқан коронавирус мәліметке күмәнмен қарайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG