Accessibility links

Бір күнде 944 науқас анықталды, коронавирус пен пневмониядан 9 адам қайтыс болды


Зертхана маманы.
Зертхана маманы.

8 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус жұққаны тестпен дәлелденген 729 адам анықталды, 215 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды. ПТР-тест нәтижесі оң шыққан науқастар арасында бір күнде 9 адам өлімі тіркелді.

Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен дәлелденген 138 382 адам тіркелген. Осы уақыт аралығында коронавирустан 2 105 адам қайтыс болған. 122 мыңнан астамы жазылған.

Қазақстан билігі 1 тамыздан бері клиникалық белгілері коронавирусқа ұқсас пневмонияға бөлек код беріп, жалпы пневмонияға шалдыққандардан ажыратып, бөлек есептеп келеді. Содан бері 43 339 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. 4 айдан астам уақыт аралығында 456 адам қайтыс болған. 31 мыңнан астамы жазылған.

Қазір коронавирустан - 14 мыңға жуық адам, коронавирус пневмониясынан 11,5 мыңнан астам адам емделіп жатыр.

Коронавирус жұққаны тестпен дәлелденген науқастар арасында 231 адамның жағдайы - ауыр, 33 адамның жағдайы - өте ауыр, 38 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG