Accessibility links

Шекара маңындағы аудандарға сапарлаған Пашинян наразылыққа тап болып, жарты жолдан қайтты


Соғыс құрбандарына арналған ескерткішке гүл қойып жатқан Армения премьер-министрі Никол Пашинян. 21 желтоқсан 2020 жыл.
Соғыс құрбандарына арналған ескерткішке гүл қойып жатқан Армения премьер-министрі Никол Пашинян. 21 желтоқсан 2020 жыл.

Наразылықтың салдарынан Армения премьер-министрі Никол Пашинян Сюник облысына жасаған сапарын үзіп, жарты жолдан қайтуға мәжбүр болды.

21 желтоқсанда жүздеген адам Горис қаласы маңындағы негізгі жолды жауып, премьер-министрдің шекара маңындағы аудандарға еркін сапарлауына кедергі келтірді. Қараша айындағы Таулы Қарабақ келісімінен кейін армян күштері Таулы Қарабақтың оңтүстік-батысындағы бірқатар аудандарды Әзербайжанға қайтарған. Содан бері премьер-министрді отставкаға шақырған үндеулер көбейген.

Сисиан қаласында жақтастары алдында сөйлеген Пашинян жол жабуды "арандату әрекеті" деп бағалап, Горис, Капан және өзге қалаларға бармайтынын айтып, сапарды сол жерден үзетінін жеткізген. Ал жақтастарын премьер-министрді қалаға кіргізбеуге үгіттеген Горис мэрі Аруш Арушанян 21 желтоқсанда түнде ұсталған. Қала мэрі "Сюник халқының ар-намысы, абыройы мен қауіпсіздігін қорғағысы келетінін" алға тартқан.

Өткен аптада армян күштері Таулы Қарабақ келісімі аясында Сюник провинциясына жапсарлас жатқан Зангелан мен Кубатлы аудандарының бір бөлігін Әзербайжанға қайтарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG