Accessibility links

Коронавирус пен пневмония: Бір күнде 757 науқас анықталды, 11 адам қайтыс болды


Рентген суретін ұстап тұрған медицина қызметкері.
Рентген суретін ұстап тұрған медицина қызметкері.

28 желтоқсанда Қазақстанда 739 адамға коронавирус жұққаны тестпен расталды. 18 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды. Бір күнде Covid пен пневмониядан 11 адам қайтыс болды: 8 адам - коронавирустан, 3 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмған. Денсаулық сақтау министрлігінің 29 желтоқсан күнгі хабарламасында осындай мәлімет жазылған.

Өткен тәулікте ең көп науқас Атырау облысында (124) тіркелген. Алматы қаласында - 80, Нұр-Сұлтанда - 70, Алматы облысында - 66, Қостанай облысында - 61, Солтүстік Қазақстан облысында - 60, Павлодар облысында - 58, Ақмола облысында - 55, Шығыс Қазақстан облысында - 5, Батыс Қазақстан облысында 45 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Қарағанды облысында - 39, Жамбыл облысында 18 науқас тіркелген. Қалған облыстар мен қалаларда бір тәулік ішінде анықталған науқастар 10-ға жетпейді. Бір күнде 841 науқас жазылған.

Ресми мәлімет бойынша, наурыз айынан бері 153 199 адамның коронавирус тесті оң нәтиже көрсеткен, 2 267-і қайтыс болған.

Коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққандарды денсаулық сақтау министрлігі 1 тамыздан бері есепке алып келеді. Оған дейін қанша адамның коронавирус пневмониясымен ауырғаны белгісіз. Ол жайлы мәлімет жарияланбады. 1 тамыздан бері 45 460 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған, 493-і қайтыс болған.

Қазір коронавирус пен коронавирус пневмониясынан 22 мыңнан астам адам емделіп жатыр. 10 248 адамның Covid тесті оң нәтиже көрсеткен. 252 науқастың жағдайы ауыр. Дәрігерлер 49 адамның жағдайын өте ауыр деп бағалайды. 44 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде Covid-ке шалдыққандар 81,2 миллионнан адамнан асты. 1 млн 772 мың адам адам қайтыс болды. 45,9 миллион адам аурудан жазылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG