Accessibility links

Covid пен пневмония дерегі. Мыңға жуық жаңа науқас тіркелді


Адамдардың дене қызуын өлшеу. Көрнекі сурет.
Адамдардың дене қызуын өлшеу. Көрнекі сурет.

13 қаңтар күні вирус ПТР тестімен расталған науқастардың 834 адамға, коронавирус пневмониясына шалдыққандардың 91 адамға артқаны мәлім болды. ПТР тестімен расталған науқастар арасында 3 адамның, коронавирус пневмониясына шалдыққандар арасында 2 адамның қайтыс болғаны анықталды. Денсаулық сақтау министрлігінің 14 қаңтар таңертең хабарламасында осындай мәлімет көрсетілген.

Өткен тәулікте ең көп науқас Нұр-Сұлтан (123) мен Алматы қалаларында (122) тіркелген. Бір күн бұрын да жағдай осыған ұқсас болған. Атырау облысында - 75, Қостанай облысында - 74, Павлодар облысында - 70, Солтүстік Қазақстан облысында - 59, Ақмола облысында- 59, Алматы облысында - 56, Қарағанды облысында - 40, Батыс Қазақстан облысында - 40, Шығыс Қазақстан облысында 39 адамнан коронавирус анықталған. Қалған облыстар мен қалаларда бір күнде анықталған науқастар жиырмаға жетпейді.

Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 165 311 адамға жеткен.

Қазақстан билігі 1 тамыздан бері пневмонияның коронавирусқа ұқсас түріне жеке код беріп, бөлек есептеп келеді. Оған дейін қанша адамның коронавирус пневмониясына шалдыққаны белгісіз. Денсаулық сақтау министрлігі 1 тамызға дейін пневмонияның бірнеше түрін бірге есептегенін айтады. 6 айға жуық уақыт ішінде 46 590 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 532 адам қайтыс болған. 34 209 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 23 608 адам (11 759-ының ПТР-тесті оң шыққан) емделіп жатыр. 272 адамның жағдайы ауыр, 55 науқастың жағдайы өте ауыр. 51 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG