Accessibility links

Сербия Қытайдың коронавирусқа қарсы вакцинасын пайдаланған Еуропадағы алғашқы елге айналды


Дәрігер әскери қызметкерге қытайлық вакцинаны салып жатыр. Белград, 19 қаңтар 2021 жыл.
Дәрігер әскери қызметкерге қытайлық вакцинаны салып жатыр. Белград, 19 қаңтар 2021 жыл.

Сербия Қытайдың Sinopharm компаниясы әзірлеген коронавирусқа қарсы вакцинасын пайдаланған Еуропадағы алғашқы мемлекетке айналды. Медицина қызметкерлері мен әскери униформа киген жүздеген солдат ел астанасы Белградта вакцина салдыру үшін сапқа тұрған.

"Бұл қалыпты тірлікке оралудың жалғыз жолы" деді бірінші болып вакцинаны салдырған денсаулық сақтау министрі Златибор Лонкар 19 қаңтарда. Елде жаппай вакцинация басталғанын мемлекеттік телеарналар тікелей эфирден көрсеткен.

"Бұл вакциналардың бәрі қауіпсіз" деді Белградтағы вирусология институтында сөйлеген Лонкар.

Қытайлық Sinopharm вакцинасы батыс елдерінде түрлі қарама-қайшы ақпараттардың тарауына түрткі болған. Қытай билігі Sinopharm-ның BIBP вакцинасын былтыр жыл соңында мақұлдаған. Бірақ вакцина тиімділігі жайлы ақпарат таратылмады. Бірақ BIBP ішкі деректерге сүйене отырып, вакцинаның тиімділігі 79 пайыз деген. Бұл батыс компанияларының коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech немесе Moderna вакциналарының тиімділік (95 пайыз) көрсеткішінен төмен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG